Malim.kz
Саясат

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Malim Админ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады.

«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Фото: ашық дереккөзден

Malim Админ
Автордың басқа материалдары