Malim.kz
Саясат

Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі бірнеше жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

• Мадияр Қапанбек
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі бірқатар жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы лауазымынан кетті.

Сондай-ақ Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Бұдан бөлек, Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары