Malim.kz
Саясат

Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары