Malim.kz
Саясат

Тоқаев Қырғызстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Арман Қайыпхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары