Malim.kz
Саясат

Тоқаев ресми сапармен Түркияға барады

Арман Қайыпхан

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Malim.kz.

Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі  стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары