Malim.kz
Саясат

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

Сұлу Бөлек

Мемлекет басшысы Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. 

"Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор", – делінген жеделхатта.

Фото: Ақорда 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары