Malim.kz
MALIMet

Тоқаев Сеулде кореялық алпауыттармен келіссөз жүргізді

Алуа Әшірбекова

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулдегі сапары аясында Оңтүстік Кореяның ірі бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Келіссөздер барысында Hanwha Group Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратыны белгілі болды. Компания Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығуға мүмкіндік беретін технологиялық алаң ретінде пайдалануға мүдделі.

Ал Lotte Group Алматыда өз брендімен алғашқы қонақүй салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар компания Alatau City қаласын дамыту жобаларына, оның ішінде Iconic Complex кешенін құруға қатысуға қызығушылық танытты. Кореялық компанияның назарында логистика саласы да бар.

Hyundai Motor Group Қазақстанды ТМД елдеріндегі қызметінің өңірлік орталығы ретінде қарастырады. Алдағы уақытта еліміздегі автомобиль өндірісін жергіліктендіру деңгейін одан әрі арттыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, компания мұнай-газ, өнеркәсіп және инфрақұрылым салаларындағы жобаларға қызығушылық білдірді.

Кореяның KIND корпорациясы да Қазақстандағы бірқатар ірі инфрақұрылымдық бастамаларға назар аударып отыр. Атап айтқанда, компанияны Alatau City жобасы, Ақтау және Құрық порттарын дамыту, сондай-ақ еліміздегі әуежайларды салу және жаңғырту жобалары қызықтырады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары