Malim.kz
Саясат

Тоқаев Сингапурге мемлекеттік сапармен барады

Malim Админ

Қазақстан президенті Сингапурге мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, - делінген хабарламада.

Сапар аясында Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Фото: Ақорда

Malim Админ
Автордың басқа материалдары