Malim.kz
Оқиға

Тоқаев сотталған қазақстандықтар үшін тағы бір рақымшылық жариялады

Айбын Атабай
ашық дереккөз

Сотталған қазақстандықтар үшін тағы бір рақымшылық жарияланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мәлім етті.

«Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады.  Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек», - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл рақымшылық – негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары