Malim.kz
Саясат

Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары