Malim.kz
Саясат

Тоқаев Швейцария Президентін Ұлттық күнімен құттықтады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармелан Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент жеделхатында бұл мереке Швейцарияның бай тарихи мұрасын, демократиялық құндылықтарының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға адалдығын айшықтайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Швейцариямен достық пен өзара құрметке негізделген көпқырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Мемлекет басшысы сауда, инвестиция, қаржы және білім беру салаларындағы өзара ықпалдастықтың оң қарқынын ерекше атап өтті.

Жеделхат соңында Президент Ги Пармеланға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары