Malim.kz
Спорт

Тоқаев таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары