"Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы бүгін штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновті де қызметінен босатты.