Malim.kz
Саясат

Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.

Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.

Бұған дейін Тоқаев Ирандағы ахуалға байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары