Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алу рәсімі өтті, деп Malim.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қонақтың құрметіне резиденция алдынан Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары ұшып өтіп, екі елдің мемлекеттік туларын желбіретті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация құрамын таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, Президент оркестрі Қазақстан мен Тәжікстанның әнұрандарын орындады.
Салтанатты рәсімнен соң мемлекет басшылары келіссөзге кірісті.