Malim.kz
Саясат

Тоқаев Трамптың шақыруымен Давос қаласына барады

Айбын Атабай
Ақорда

22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады.

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылатынын мәлімдеген болатын.

Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынды.

«Бейбітшілік кеңесі» жарғысына Давоста 22 қаңтар күні қол қойылатыны хабарланды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары