Malim.kz
Саясат

Тоқаев Түрікменстанда Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форум аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да мемлекеттер басшыларымен бірге Бейтараптық монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Бұл кешен Түрікменстанның бейбітшілік пен жасампаздық ұстанымына бейіл екенін көрсетеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары