Malim.kz
Саясат

Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды

• Мадияр Қапанбек
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Мемлекет басшысын әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 қазан күндері Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазада өтетін бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады.

Сапар бағдарламасында Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуі, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы және Каспий экологиялық саммиті бар.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары