Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты.
Еске салсақ, бүгін Грузияда Түркияның әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады.