Malim.kz
Саясат

Тоқаев үкімет туралы жарлыққа қол қойды

• Malim Админ

Жаңадан сайланған мәжіліс алдында үкімет өкілетін доғарды, алайда Мәминнің министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндетін уақытша атқаратын болады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлықта.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары