Malim.kz
Денсаулық

Тоқаев Үкіметке елдегі денсаулық сақтау ғимараттарын жаңартуды тапсырды

Айбын Атабай
Астана әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тұтас денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді деп хабарлайды Malim.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап

– Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинаталды орталықтар бой көтеріп келеді.

– Дегенмен алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет, – деді Президент.

Айта кетейік, Ақордада Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Бұл күнді атап өту ҚР Президентінің 1998 жылғы жарлығында белгіленген. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары