Президент Үкіметке «Торғай - Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды.
Бұл туралы өзінің Telegram арнасында ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Жаңа автожол елорданы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы еліміздің батыс өңірлерімен жалғайды. Жоба аясында «Астана – Арқалық» және «Торғай – Ырғыз» бағыттарында жаңа жолдар салынады. Ал Арқалық пен Торғайдың арасындағы қазіргі қолданыстағы жол күрделі жөндеуден өткендіктен, бұрынғы күйінде пайдаланылатын болады.
Фото: istockphoto