Malim.kz
Саясат

Тоқаев Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде Трамптың ұсынысын қолдады

Айбын Атабай
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдірді, деп хабарлайды  Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының айтуынша, тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екі елдің көптеген түйткілге қатысты ұстанымдары ұқсас екенін растаған.

«Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды», – деді президент.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары