Malim.kz
Саясат

Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Айбын Атабай
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары