Malim.kz
Саясат

Тоқаев жаңадан сайланған Корея президентін құттықтады

Арман Қайыпхан

Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары