Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Фото: Akorda.kz