Malim.kz
Саясат

Тоқаев Жапониядағы қайғылы оқиғаға байланысты Премьер-министрге көңіл айтты

Арман Қайыпхан
Фото: Kyodo News

Президент Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстігінде жауған қалың қардың салдарынан адам шығыны орын алуына байланысты елдің Премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – делінген жеделхатта.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары