Malim.kz
Саясат

Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Армения Премьер-министрі келеді

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары