Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте АҚШ лидері Дональд Трамппен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Трамптың бірлескен суреттерін жариялады.
Нью-Йорк, АҚШ, 2025 жыл, - деп жазды ол.
Еске сала кетсек, АҚШ-қа сапары барысында Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясындағы жалпы пікірталаста сөз сөйлеген болатын.
Фото: Руслан Желбібай