Malim.kz
Шоу-бизнес

Төреғали Төреәлінің жары сүйінші сұрады

Алуа Әшірбекова
Фото: tolkynturarbekkyzy instagram парақшасынан алынған

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды  Malim.kz.

Оның айтуынша, қызы Кәусар бес жасына дейін Қытайда ем қабылдап, бірнеше күрделі отадан өткен. Кейін де түрлі ем-дом шараларын жалғастырған.

Толқын Тұрарбекқызы соңғы екі ай бойы Кәусармен арнайы жаттығулар жасағанын айтты. Қызына оңай болмаған әр сәтті видеоға түсіріп отырғанын да жеткізді.

«Көп тілегі көл болады демекші, сүйінші! Төрештің Кәусар қызы, тұңғышы Кәусар еңбектеді!» - деп қуанышын бөлісті ол.

Желі қолданушылары қуанышты жаңалыққа үн қосып, Кәусарға денсаулық пен күш-қуат тілеп жатыр.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары