Malim.kz
Спорт

Төрт дүркін Азия чемпионы Жәмилә Бақбергенова Бішкекте жеңіліп қалды

Сабина Асқарқызы
Фото: gettyimages

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмила Бақбергенова алғашқы белдесуінде Үндістан өкіліне ұпай айырмасымен жол берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әйелдер күресінен 68 келіде сынға түскен қазақстандық балуан үнді спортшысы Наршита Наршитамен кездесудің соңғы секундында ұпай теңестірген еді. Алайда челленджден кейін төрешілер отандасымыздың соңғы жасаған әдісін есепке алмады. Іріктеу кезеңінде сәтсіздікке тап болған Бақбергенова енді үнді балуаны финалға шыққан жағдайда ғана жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.

Бұған дейін 53 келіде Зейнеп Баянова жапониялық Моэ Киекоға 10:0 есебімен жол берсе, 57 келіде Нюлифар Раимова Сара Натамиден (Жапония) мерзімінен бұрын жеңілді.

Бүгін Марал Тәңірбергенова (50 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлде үшін белдеседі.

Жәмилә Бақбергенова – Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол төрт дүркін Азия чемпионы (2020, 2022, 2023, 2025), әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері және финалисі. Сонымен қатар 2026 жылы Иван Ярыгин кубогының жеңімпазы атанған.

 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары