Malim.kz
Оқиға

Туған күніндегі тосын хабарлама: әйел күйеуінің жасырын отбасын білгенін айтты

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Туған күніне келген құттықтау әйелдің отбасылық өмірін астан-кестен еткен. Перл есімді желі қолданушысының айтуынша, бейтаныс нөмірден жазған әйел өзін оның күйеуінің жұбайы деп таныстырған, деп Malim.kz тілшісі OK! басылымы⁠на сілтеме жасап хабарлайды.

Перл бастапқыда хабарламаны таныстарының бірі жіберді деп ойлап, жауап берген. Алайда әңгіме барысында бейтаныс әйел екеуінің күйеуі бір адам екенін айтқан. Оның үстіне, ол Перл туралы бұрыннан білетінін жеткізіп, кездесуді ұсынған.

Осыдан кейін Перл күйеуінен түсініктеме сұраған. Айтуынша, ер адам баласының анасымен некесін үзбегенін мойындаған. Перл оның баласы бар екенін білгенімен, бұрынғы отбасымен қарым-қатынасы жалғасып жатқанынан бейхабар болған.

Әйел бұл шындықты білгеннен кейін ажырасуға бел буғанын айтады. Бірақ ең күтпеген жағдай содан соң басталған: күйеуінің бірінші әйелі оған қайта-қайта хабарласып, кетпеуге үгіттеген. Перлдің сөзінше, ол күйеуінің Перлді көбірек жақсы көретінін айтып, қарым-қатынасты сақтауды сұраған.

Ал күйеуі оның жұмыс орнына гүл жібере бастаған. Не істерін білмеген Перл оқиғасын TikTok-та бөлісіп, оқырмандарынан кеңес сұраған.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі оған отбасын сақтауды ұсынса, енді бірі мұндай өтіріктен кейін сенімді қалпына келтіру қиын екенін жазған.

Оқиға Перлдің желіде айтқан әңгімесіне негізделген. Күйеуі мен екінші әйелдің жауабы жарияланбаған, ал оның мәлімдемелері тәуелсіз расталмаған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары