Malim.kz
Шоу-бизнес

"Тукаға сенбеу керек еді": Майғазиевті тойда Төлендиев алдап кетті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Әнші Сәкен Майғазиев пен танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев (Тука) той үстінде көпшіліктің көзінше күш сынасып, жұртты ду күлдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Желіде тараған бейнежазбада Сәкен Майғазиевке: "Жезде, "отжимания" жасап жарысайық деп шақырып тұр. Мен 50 рет десем, ол 100 рет жасайық дейді. Кеттік онда", – деп Нұржан Төлендиев бастама көтереді.

Сахнада да, спортта да ширақ Сәкен жаттығуды еш қиындықсыз орындап, шынымен де жақсы қалыпта екенін көрсетті. Ол елу реттен асырып, жұрттың қошеметіне бөленді. Ал Төлендиев болса, әдеттегідей өзіне тән қулығын көрсетіп, тапсырманы толық орындамай, жартылай ғана жасап шықты.

Көрермендер желіде әдеттегідей әзілге толы пікір қалдырды: "Тука болмаса, осылай жасамай ма?", "Сәкен аға нағыз әділ орындады", "Тукаға сенген Сәкен де қалды ғой", "Тука Тукалығын жасады".

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары