Malim.kz
Саясат

Президенттер саммитте бірнеше құжатқа қол қойды

Сұлу Бөлек

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде президенттер бірнеше құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылдады:
1. Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешт декларациясы;
2. Мемлекеттер басшылары кеңесінің Ауғанстан жөніндегі мәлімдемесі;
3. Өзбекстан Республикасын Түркі мәдениеті және мұрасы қорына қосу туралы шешім;
4. Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының өкілеттілік мерзімін ұзарту туралы шешім.

Фото: Ақорда 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары