Анталья қаласының курорттық аймағында 27 жастағы қазақстандық Кубат Аманбеков жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қайғылы оқиға 8 мамырға қараған түні Серік ауданы аумағындағы туристік жолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, велосипедпен кетіп бара жатқан азаматты сол бағытта келе жатқан такси қағып кеткен. Соққының қатты болғаны сонша, велосипедші жолға ұшып түскен.
Ауыр жарақат алған Кубат Аманбеков оқиға орнында көз жұмды.
БАҚ мәліметінше, марқұм Антальядағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде даяшы болып жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта такси жүргізушісі полиция бөліміне жеткізіліп, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Анталья мәйітханасына жіберілген.