Malim.kz
Оқиға

Түркияның әскери-көлік ұшағы Грузияда апатқа ұшырады

Арман Қайыпхан
Фото: aa.com.tr

Түркияның С-130 әскери-көлік ұшағы Грузияда құлады, деп хабарлайды Malim.kz «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ұшақ бұған дейін Әзербайжан аумағынан ұшып шыққан.

Қазір Түркия мен Грузия бірлескен іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басқа мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Ал Грузия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, биыл 11 қараша күні Сигнах муниципалитетінде (Кахетия аймағы) мемлекеттік шекарадан шамамен бес шақырым жерде түрік жүк ұшағы құлаған.

Мәлімдемеге сәйкес, бұл дерек бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 275-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу басталды. Аталған бап әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкелген жағдайлар үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары