Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылындағы 16 жасар қыздың өлімі қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған істе айыпталушы И. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптарымен кінәлі деп танылып, өмір бойына түрмеге қамалды.
Жантүршігерлік жағдай биыл 6 маусымға қараған түні шамамен сағат 00:30–да болған. Сотталушы жұмыстан үйіне қайтып келе жатып, К. дүкенінде кәмелетке толмаған сатушыға шабуыл жасаған. Ол оны зорлап, басқа да жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, содан кейін жәбірленушіні тұншықтырып өлтіріп, қасақана өлімге әкеп соқтырған.
— Сотталушының кінәсі сот сараптамалар қорытындыларымен, бейнематериалдармен және қылмыстық істегі басқа материалдармен толық дәлелденді. Сот үкімімен сотталушыға тағайындалған жазаларды қосып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген Түркістан облыстық соты таратқан ресми хабарламада.