Түркістан облысында резонанс тудырған іске қатысты күдікті ұсталды. Полиция мәліметінше, Шымкент тұрғыны зорлау дерегі бойынша қамауға алынған. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.
“Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады”, – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.
Тергеу мүддесіне байланысты департамент өзге ақпаратты жария етпейтінін мәлімдеді.
HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, бұл бұған дейін жол ережесін бұзып көзге түскен мәслихат депутаты Ерғали Аманбаев.