Malim.kz
Құқық

Түркістан облысында жасөспірімнің мүрдесі табылды

• Malim Админ

Түркістан облысы Сайрам ауданында жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазір тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды, - делінген ведомства тарапынан таратылған ақпаратта.

Фото: dzen.ru

Malim Админ
Автордың басқа материалдары