Түркістан облысында жас жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz «Алматы ТВ» телеарнасына сілтеме жасап.
Ленгір қаласындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен денесінде пышақ жарақаттары бар 21 жастағы азаматтың мәйіті табылған.
Бұл іске күдікті ретінде жақында ғана 9-сыныпты аяқтаған кәмелетке толмаған қыз танылған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта екі жастың арасында не болғаны және қылмыстың нақты себептері анықталып жатыр.
Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша кісі өлтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.