Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» өткізу бекетінде орын алған құқыққа қайшы әрекет дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Желіде кең таралған бейнежазбада ер адам сөмкесінен үшкір бұрауыш алып шығып, өзіне жақындаған адамдарды қорқытқаны байқалады.
«Қылмыс жасады деген күдікпен жедел іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жұмыссыз, тұрақты тұрғылықты жері жоқ», - деді Түркістан облысының полиция департаментінің баспасқөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікті Түркістан облысы ПД Сарыағаш аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.