Malim.kz
Оқиға

Түркістанда 15 жастағы қыздың асқазанынан 1 келідей шаш шықты

Арман Қайыпхан
Фото: Stan.kz

Түркістан қалалық балалар ауруханасы дәрігерлері 15 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйінін алып тастады, деп хабарлайды Malim.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, жасөспірім ауруханаға шұғыл жеткізілген. Тексеру кезінде оның асқазан қуысынан көлемді бөгде зат анықталған.

Осыған байланысты дәрігерлер жедел түрде операция жасау туралы шешім қабылдаған.

Ота 2 сағат 50 минутқа созылған. Хирургтер, анестезиологтар және орта буын медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, күрделі операцияны сәтті аяқтады.

Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынған. Қазіргі таңда қыздың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында.

Мамандар мұндай жағдайлар медицина тәжірибесінде өте сирек кездесетінін айтады. Егер дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, бұл ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары