Malim.kz
Сұқбат

Түркістанда бүгін де өзен суы көтеріледі

Malim Админ

Түркістан облысында бүгін де жауын-шашын болып, өзен суы көтеріледі. «Қазгидромет» облыстың көп бөлігінде ауа температурасы жоғарылап, қар қарқынды еритінін мәлімдеді.  Еріген қар суынан ағын пайда болады, мұз әлсіреп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі.

Еске сала кетейік, өңірдегі Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды  су басты. 

Тасқын су Сауран ауданындағы елді мекендерге қиындық тудырып отыр.  Су тасқынына байланысты Сауранда мектеп оқушылары қашықтықтан оқи бастады және 7 балабақша жұмысы тоқтады.

Түркістан облысының үш ауданында алты көшені  су басқан. Сондай-ақ Кентау қаласы мен Сауран ауданында төтенше жағдай  жариялануы мүмкін  4 елді мекенде су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.    

Malim Админ
Автордың басқа материалдары