Malim.kz
Сұқбат

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Malim Админ

Түркияда су тасқынынан 14 адам қаза тауып, бес адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Memurlar.net онлайн басылымы хабарлады. 

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Шанлыурфада 12 адам, Адияманда екі адамның қаза тапқанын, 5 адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 

«Іздеу жұмыстарын жалғастырамыз. Сондай-ақ шығынды анықтау жұмыстары да басталды», - деп мәлімдеді ол.

Басылым мәліметінше, 14 наурызда Шанлыурфада қатты жаңбыр жауған. Сел провинцияның әкімшілік орталығының бірқатар көшесі мен даңғылын басып қалған.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары