Malim.kz
Шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсті

Арман Қайыпхан

Қазақстандық танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандық әзілкеш бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ассалаумағалейкум, құрметті көрермен! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімнің 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын! – деп жазды ол.

Әртістің денсаулығына қатысты өзге жайттар айтылмаған.

Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары