Malim.kz
Шоу-бизнес

"Тұрсынбекті құрметтеймін, бірақ Мөлдір – қарындасым": Қыдырәлі Болманов ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, Мөлдір Мұқанның алғашқы фильмі туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі Мөлдірдің "Шәй в большом городе" атты жаңа туындысын көріп қайтқанын айтып, оған ақ тілегін жеткізді.

"Кеше Мөлдір ханымның ең алғашқы фильмін көріп, құтты болсын айтып, ақ тілегімізді арнап қайттық. Тұрсынбекті дара дарын ретінде өте құрметтеймін. Мөлдір болса – өзімнің туған қарындасымдай болып кеткен жан. Қай кезде барсақ та, ақ дастарханын жайып, кең жүрегімен аппақ ниетін төгіп тұратын осындай қарындасты қалай жақсы көрмейсің?.. "Шәй в большом городе" фильмін тамашаладық. Мөлдірдің тырнақалды туындысы өте сәтті шыққан. Кейіпкерлердің қалағаны орындалып, фильм жылы әсермен, көңілге қонымды, өкінішсіз аяқталады. Құрметті оқырман, отандық киноны қолдайық! Аллаға шүкір, өз киноиндустриямыз жыл өткен сайын дамып, өркендеп келеді. Аллаға сансыз мадақ болсын!" – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары