Malim.kz
Шоу-бизнес

"Түсірілім алаңында талып қалды": Жарқынай Ханайым әріптестерін шошытты

Алуа Әшірбекова
Фото: ашық дереккөздерден алынған

Актриса Жарқынай Ханайым түсірілім кезінде есінен танып қалғандай кейіп танытып, түсірілім тобын әбігерге салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Желіде тараған видеодан актрисаның кенеттен құлап қалғанын көруге болады. Мұны байқаған түсірілім тобы бірден көмекке ұмтылып, жұмысты тоқтатқан.

Алайда көп ұзамай бұл жағдайдың алдын ала ұйымдастырылған әзіл екені белгілі болды. Жарқынай Ханайым әріптестерінің реакциясын байқап көрмек болған.

Желі қолданушылары актрисаның ойынына жоғары баға беріп, "Шын талып қалды деп ойладық", "Өте шынайы ойнайды", "Әртіс деген осындай болуы керек" деген пікірлер қалдырған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары