Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап шыққан президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаулы шығарды. Сонымен Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:мемлекеттік сыйлық кімдерге бұйырды?
- Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;
 - Ақсұңқар Серікке, ақын – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;
 - Есім Ғарифоллаға, жазушы – «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;
 - Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
 - Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;
 - Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
 - Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.