Malim.kz
Саясат

«Уәде бердім». Тоқаевтың Торғай өңіріне қашан баратыны белгілі болды

Арман Қайыпхан

Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай өңіріне баруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек, - деді Тоқаев.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары