Malim.kz
Сұқбат

Үйге дейін жеткізу: Қазақстанның сегіз банкі карточкаларға тапсырыс беру қызметін тегін ұсынып отыр

Malim Админ

Бүгінгі төтенше жағдай кезінде төлем карточкасына банктердің бөлімшелеріне бармай-ақ жылдам әрі тегін тапсырыс беруге болады. Қазіргі уақытта банк карточкаларына қашықтан тапсырыс беру және жеткізу бойынша қызметті бірнеше банк ұсынып отыр. Ол үшін белгілі бір банктің клиенті болу шарт емес. Тіркелген және карточкалық шот ашқан сәтте бастап Сіз клиент боласыз.

Карточка алу үшін осындай қызметті ұсынып отырған сегіз банктің біреуін таңдаңыз. Олар Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк, Forte Bank және АТФБанк.

Төменде осы банктерде тіркеліп, карточка ашу жөніндегі нұсқаулықтарға сілтемелер берілген. Сілтемелер бойынша жүріп, әр банктің талабымен танысуға кеңес береміз. Сонымен бірге картаға мобильдік қосымша арқылы тапсырыс берген өте ыңғайлы. Банкті таңдайсыз, оның мобильдік қосымшасын жүктеп аласыз, одан әрі нұсқаулық бойынша әрекет етесіз.

Ең маңыздысы – карточканы банктер 1-2 күннің ішінде дайындайды. Алайда бұл банктердің бәрі Қазақстанның барлық өңірінде орналаспаған.

https://halykbank.kz/bonuscard 

https://jysanbank.kz/ru/news/dostavka-platezhnykh-kart-jysan-bank.

https://eubank.kz/cards/ 

https://altyn-i.kz/app.html

https://homecredit.kz/landing/homecard/

https://www.sberbank.kz/ru/debit_cards

https://bank.forte.kz/cards/qcards-form?card=classic&_ga=2.61381100.1757062620.1586317961-117250584.1585199309 

https://www.atfbank.kz/phys/cards

Банк карталарын және басқа да банк өнімдерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажет: өз картаңыздың деректерін: PIN-код, CVV/CVV2-код, сондай-ақ өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз. Онлайн-сатып алуларды тек тексерілген интернет-дүкендерде жүргізіңіз. Қосымша қауіпсіздік үшін екі факторлы идентификаттау орнатыңыз және қаржыны есептен шығаруды SMS немесе интернет банкинг арқылы бақылап отырыңыз.

Карточкалық өнімдерді пайдалану талаптары жөнінде толығырақ қаржы ұйымдарының менеджерлерінен нақтылаңыз.

Ең өзекті ақпарат алу және қаржылық сауаттылығыңызды арттыру үшін Fingramota.kz-пен бірге болыңыз.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары